17 шілде 2018 | 09:25

Астанада босанған әйел қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Астана қаласының № 2 перинаталдық орталығында босанған әйел қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астана қаласының № 2 перинаталдық орталығында босанған әйел қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астанадағы № 2 перинаталдық орталығында 16 шілдеде сағат 09.25-те босанған әйел қайтыс болды. Көмек көрсету барысында ана мен бала ұлттық орталығының мамандары мен кардиохирургиялық орталықтың профессоры тартылды. Реанимациялық іс-шара қолданылғанмен, әйелді құтқару мүмкін болмады", -  деді басқармадағылар. 

Босанған әйелдің қызын құтқарды. Оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. 

"Бұл іс бойынша, комиссия сараптама жүргізіп жатыр. Нәтиже барысында өлім себебі анықталады", - деді басқарма өкілі. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Астананың № 1 перинаталдық орталығында босанған екі әйелдің қайтыс болғаны жайлы хабарланған болатын. "Екі әйел қайтыс болды. Біріншісі - 1983 жылғы келіншек 21 маусымда таңғы сағат 5-терде қайтыс болды. Ол өзі босанды. Екіншісі 31 жастағы келіншек 25 маусымда сағат 04.03-те қайтыс болды. Ол кесарев тілігімен босанды. Екеуінде де соматикалық аурулар тіркелді", - деп хабарлаған еді ауруханадағылар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети