Апелляциялық сот алқасы босанған әйелді өлтірді делінген Астана қаласындағы № 2 перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне қатысты үкімді жеңілдетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Дәрігерлердің бірі Григорий Азаровтың адвокаты Темірәли Тәшімбетовтің айтуынша, оларды бір жылға бас бостандығынан шектеп, бірақ медициналық қызметте жұмыс істеу құқығын берді. Айта кетейік, дәрігер-акушер Владимир Калашников пен анестезиолог-жансақтау бөлімінің дәрігері Григорий Азаров сот залында-ақ қамаудан босатылды. Қорғаушының айтуынша, сот дәрігерлерге қайтыс болған әйелдің отбасына бес миллион теңге көлемінде ақша төлеу туралы шешімді күшінде қалдырды.

Еске салайық, Астана қаласындағы № 2 перинаталдық орталықтың екі дәрігеріне босанған әйелді өліміне қатысты айып тағылған болатын. Оқиға 2014 жылдың қарашасында болған. 24 жастағы әйелге ота жасалып, баланы іштен жарып алған. Бірақ содан әйел көп қан жоғалтып, қайтыс болған. Соттың үкімі бойынша, дәрігерлерге бір жылға бас бостандығынан және екі жылға дейін медициналық қызметте істеу құқығынан айырылған еді. Сондай-ақ, дәрігерлер қайтыс болған әйедің туыстарына бес миллион теңге көлемінде ақша төлеуге міндеттелді.
Айта кетейік, соттың бұл шешімі қоғам арасында шу шығарды. Қазақстандық дәрігерлер өздерінің әріптестеріне қолдау көрсетіп жатты. Олар тіпті сотталған дәрігерлерді қолдау үшін арнайы сайт ашып, қол жинаған еді.