Астанада бір құрылысшы сегізінші қабаттан құлап өлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада бір құрылысшы сегізінші қабаттан құлап өлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Төтенше оқиға кеше кешкі уақытта Астананың солтүстік жағалауындағы Орынбар көшесінің бойында соғылып жатқан нысандардың бірінде болды. Куәгерлердің айтуынша, сегізінші қабаттан 1984 жылғы ер адам құлап түскен. Ол осы нысанда құрылысшы болып жұмыс істеген. Ер адам оқиға орнында қаза тапты.
13 шілдеде Астанада осыған ұқсас оқиға болған еді. Косовоның алты құрылысшысы 20 метр биіктіктен құлап кетті. Төтенше жағдай "Көп атқарымдық мұз сарайының" құрылыс алаңында болды. Салдарынан үшеуі оқиға орнында қаза болып, тағы екеуі ауруханада есін жимастан қайтыс болды. Mabco construction S.A. жұмысшыларының құлау себебі - "Астанадағы халықаралық мұз сарайы" нысанының құрылыс тарапынан маңдай бетіндегі құрылыс ағашының кенеттен опырылуы, құрылыс ағашының ғимаратқа бекітудің нормаға сәйкес құрылғыларының болмауы.