Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Астанада жұмысшылардың 20 метр биіктіктен құлауының себебі анықталды

28 Шілде 2015, 18:05
1
© "Барыс" ХК
© "Барыс" ХК

Астанада жұмысшылардың 20 метр биіктіктен құлауы оқиғасын тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық еңбек инспекциясы жөніндегі басқармаға сілтеме жасап.

"Mabco construction S.A." жұмысшыларының құлау себебі - "Астанадағы халықаралық мұз сарайы" нысанының құрылыс тарапынан маңдай бетіндегі құрылыс ағашының кенеттен опырылуы, құрылыс ағашының ғимаратқа бекітудің нормаға сәйкес құрылғыларының болмауы", - деп хабарлады басқармадағылар.

"Mabco construction S.A." фирмасының Астанадағы филиалының бір топ жұмысшысының қайғылы оқиғаға тап болып, қаза болуын арнайы тергеудің қорытындысы бойынша комиссия арнайы тергеу жүргізді және Қазақстанның Еңбек кодексінің 326-бабының 7-пунктіне сәйкес барлық материал Астана қалалық ішкі істер департаментіне келесі процессуалдық шешімді қабылдау үшін жолданды", - деп хабарлады басқармадағылар тілшінің сауалына жауап бере отырып.

Қалалық еңбек инспекциясы өкілдерінің айтуынша, арнайы тергеу қорытындысы бойынша жұмыс берушінің кінәсі анықталды. "Арнайы тергеудің қорытындысы бойынша жауапты құзырлы және инженерлік техникалық құрамының арасынан кінәлі тұлғалар анықталды. Шешімді сот қылмыстық іс материалдары бойынша шығарады", - деді инспекция өкілдері.

Жауапта құрылыс компаниясының филиал басшылығына қайғылы оқиғаның себебін жою бойынша шаралар жоспарының тапсырылғаны айтылады, онда басшылыққа зардап шеккендерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтемақы жасау бұйрық етілген. 

"Сонымен қатар, Mabco construction S.A. компаниясына ҚР Еңбек кодексінің 26-бабының 1-пунктінің 4-бөліміндегі талапты бұзғаны үшін, сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін тартуға не шетелдік қызметкер жұмысқа орналасуға жергiлiктi атқарушы органның рұқсатын алудың шарттары мен ережелерін бұзғаны үшін 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынды", - деді еңбек инспекциясының өкілдері.

Еске салайық, кеше Астанада алты құрылысшы 20 метр биіктіктен құлап кеткен болатын. Төтенше жағдай "Көп атқарымдық мұз сарайының" құрылыс алаңында болды. Оқиға орнында үш жұмысшы қаза болды, тағы екеуі ауруханада есін жимастан жан тапсырды.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай