Астанада Орталық теміржол ауруханасының өкілдері науқас пен медициналық қызметкер арасындағы болған дауға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада Орталық теміржол ауруханасының өкілдері науқас пен медициналық қызметкер арасындағы болған дауға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"1 қазаннан 2 қазанға қараған түні шамамен сағат 00.40-те науқас бас жарақатымен ауруханаға түсті. Бірақ оған ауруханаға жату керек болған жоқ. Науқасты кезекші нейрохирург қарап шықты. Мұнымен қоса, науқас мас күйде болды, балағат сөздер айта бастады. Дәрігер қарап болған соң ол үйіне қайтты", - деді Орталық теміржол ауруханасының бас дәрігері Сергей Демочкин брифинг барысында.
Бірақ біраз уақыттан соң науқастың ауруханаға қайтып келіп, медбикеден телефонын сұрай бастағаны айтылады. Оның айтуынша, дәрігерлер оның телефонын тартып алған.
"Сол кезде қабылдау бөлімінде кезекші терапевт болды. Ол ауруханаға келген науқастың құжаттарын рәсімдеген. Содан науқас мас күйде кезекші дәрігерден телефонын талап ете бастаған. Ал дәрігер телефонын бермей қойған. Содан ол айғай шығарып, төбелес шығармақшы болған. Кезекші дәрігерді балағаттаған. Кейін өзін бокс шебері екенін айтып, дәрігерді төбелесуге шақырып, оны ұрып жіберген. Дәрігер бастапқыда жауап қайтармаған, ал екінші рет ұрғанда ол науқасты итеріп жіберген. Сол сәтте науқас құлап кетіп, дәрігер оны теуіп жіберген", - дейді бас дәрігер.
Сергей Демочкин іс материалдарының Астана қалалық ІІД өкілдеріне жолданғанын айтып өтті. Ішкі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, дәрігерді медициналық этиканы бұзғаны үшін жұмыстан шығармақшы екені айтылады.
Ескерту, видеода бейәдеп сөздер бар!