Астанада дәрігерлер көлік қағып кеткен 4 баланың біреуінің бүйрегі мен көкбауырын алып тастады

08 Қыркүйек 2016, 00:02
0
Астанада дәрігерлер көлік қағып кеткен 4 баланың біреуінің бүйрегі мен көкбауырын алып тастады - © ktk.kz
© ktk.kz

Астана орталығында болған жол апатынан зардап шеккен балалардың бірінің сол жақ бүйрегі мен көкбауырын алып тастады, - деп хабарлайды КТК телеарнасы елордалық №2 балалар ауруханасының хирургі Амур Жанпейісовқа сілтеме жасап. 

"Төрт баланың да жағдайын қарадық. Тоғыз жастағы бала толықтай қаралды, жағдайы қанағаттанарлық, ішкі органдары зақымданбапты, үйіне қайтардық. Екі бала бассүйек миының шайқалуы диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Төртінші баланың жағдайы ауыр. Көкбауыры езіліп кеткен және сол жақ бүйрегі езілген, ішіне қан кеткен. Ота аяқталды - сол жақ бүйрегі мен көкбауырын алып тастадық", - деді дәрігер. (Дереккөз: КТК)


Амур Жанпейісов. © ktk.kz

Еске салайық, осыған дейін Астанада болған жол апатынан зардап шеккен төрт баланың ауруханаға жеткізіліп, біреуінің жағдайы ауыр екені хабарланған болатын. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 2002 жылғы төрт бала, 2007 жылғы екі бала мен 2005 жылғы бір бала зардап шекті.

"Алдын ала мәлімет бойынша, Lexus көлігінің 36 жастағы жүргізушісі Асан Қайғы көшесінің бойымен Иманов көшесіне қарай бара жатып, қиылыста басқа көлікке жол бермей, нәтижесінде Mercedes-Benz көлігімен соғысқан. Алған соққыдан Lexus жүргізушісі кәмелетке толмаған балалар мен тұрақта тұрған "Лада"көлігін соққан. Кейіннен Lexus тағы да тұрақта тұрған ZAZ маркалы көлікке соғысып, одан сол жерде тұрған Mitsubishi көлігімен тағы соғысқан", - деп хабарлады Астана қалалық ІІД өкілдері.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай