Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Астанада екі бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

05 Мамыр 2015, 14:11
0
©Grodno.in
©Grodno.in

Астанада өткен тәулікте көпқабатты үйдің терезесінен екі бала құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірінші қайғылы оқиға 4 мамырда "Номад" тұрғын үй кешенінде болды. "Сығанақ көшесінің бойында орналасқан көпқабатты үйдің терезесінен байқаусызда бала құлап кетті. Екі жасар баланың ата-анасы Астанадағы туыстарының үйіне қонақ болып келген. Ата-анасы басқа бөлмеде отырған кезде ересектердің қарауынсыз қалып қойған бала жетінші қабаттан құлап кетіп, алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты", - делінген елордалық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Осы күні елордада тағы да бір екі жасар бала Мұңайтпасов көшесінде орналасқан үйдің терезесінен құлап кетті. Шыбын-шіркейден қорғайтын торға сүйенген бала құлап кеткен. ІІД мәліметінше, бала жарақат алмады.

Осыған байланысты тәртіп сақшылары балалары бар ата-аналарға қауіпсіздік шараларын таныстырды. 

"Егер үйде бала болса ешқашан терезені ашық қалдырмағыздар. Бірге жүргендей боласыздар, бірақ бір секундқа болса да назарыңыз ауып кетсе балаңызға қауіп төнуі мүмкін. Ешқашан шыбын-шіркейден қорғайтын торға баланы сүйендірмеңіздер. Терезеге автоматтандырылған құлыптау құрылғысын орнатыңыздар. Егер балаға терезеден бір затты көрсетіп жатсаңыз міндетті түрде ұстап тұрыңыз, баланың шалт қимылына дайын болыңыздар, оның киімінен ұстамаңыздар", - делінген хабарламада.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай