Астанада ер адам Оңтүстік Кореядан жұмыс тауып беремін тұрғындарды деп алдап жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада ер адам Оңтүстік Кореядан жұмыс тауып беремін тұрғындарды деп алдап жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана полицейлері күдіктіден зардап шеккендерден хабарласуларын сұрайды. "Астана қалалық ІІД өзін КORE АNA фирмасының өкілі Мадиярмын деп таныстырған күдіктіге қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. 2016 жылдың 10 маусымынан 2016 жылдың 25 тамызына дейін күдіктінің елорда тұрғындарына Оңтүстік Кореядан жұмыс тауып беремін деп, әр адамнан 400 000 теңге алғаны анықталды. Қазіргі уақытта алданған 15 адам келді", - деді Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Полицейлер осы адамға алданған тұрғындардан Астана қалалық ІІД хабарласуларын сұрайды: 71-67-10, 71-67-49, 8-775-152-65-90 (тергеуші Кұлқаев Ж.Д.).
Еске сала кетейік, осыған дейін де Алматыда алаяқ Оңтүстік Кореядан жұмыс тауып беремін деп адамдарға уәде беріп келген болатын.