22 қыркүйек 2015 14:07

Астанада ер адамның жанармай бекетіндегі кассир қызға қоқан-лоқы көрсеткені видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz/tv © Tengrinews.kz/tv

Астанада ақша майдалатқысы келген клиент жанармай бекетінің кассиріне қоқан-лоқы көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews TV.


Астанада ақша майдалатқысы келген клиент жанармай бекетінің кассиріне қоқан-лоқы көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews TV.

Оқиға Астана қаласында 22 қыркүйек күні таңғы бесте болды. Видеобақылау камерасына түсірілген видеоны Instagram желісіне кассир келіншектің құрбысы салыпты. Сөйтсе, ер адам кассадан сағыз сатып алу арқылы ақшасын майдалатқысы келген екен. Алайда майда ақша болмағандықтан кассир оған майдалап бере алмайтынын айтады. Бұл уақытта ер адам қызға сағызды лақтырып жіберіп, былапыт сөз айтады. Осы кезде олардың қақтығысына оператор араласады. 

Оқиғадан кейін кассир полиция жасағын шақырды. Алайда тәртіп сақшылары қыздың берген арызын қабылдамаған. Куәгерлердің айтуынша, олар ашулы клиенттің жанармай бекетінен қандай көлікпен кетіп қалғанын есінде сақтаған. 

Айта кетейік, бұл оқиғаны интернет қолданушылары елордадағы кинотеатрлардың бірінде болған жаймен салыстырып жатыр. Ол кезде ер адам кассир қызды сусын үшін тепкен еді. Наразы болған қолданушылар жанармай бекетіндегі кейіпкерді "Қуаныштың синдромы" деп атап үлгерді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети