Астанада эскалатордан құлаған бала тері жарақатын алды. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісіне Астана ІІД баспасөз хатшысы Софья Қолышбекова хабарлады.
Астанада эскалатордан құлаған бала тері жарақатын алды. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісіне Астана ІІД баспасөз хатшысы Софья Қолышбекова хабарлады.
ІІД мәліметінше, 2009 жылы туылған бала анасымен бірге Ақтаудан Астанаға қыдырып келген. "Бала тері жарақатын алды. Дәрігердің қарауынан өткеннен кейін ол үйіне жіберілді. Анасы бұл кезде баланың қасында болған. Қолында кішкентай сәби болғандықтан ол баласының қолынан ұстап тұра алмаған. Анасымен кішкентай балаларға үнемі қарап жүру керектігі туралы профилактикалық сабақ өтілді", - деді Қолышбекова.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанадағы "Керуен" сауда және ойын-сауық орталығында кішкентай баланың эскалатордан құлап қалғаны хабарланған болатын. Алдын ала ақпарат бойынша, ол абайсызда құлап кеткен. ІІД хабарлауынша, "102" пультіне хабар түспеген, дегенмен ішкі істер департаменті қызметкерлері оқиға орнына барды.