04 желтоқсан 2015 | 11:52

Астанада және бірқатар облыста көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада және бірқатар облыста көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақавтожол" кәсіпорнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада және бірқатар облыста көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақавтожол" кәсіпорнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін ТЖК ұялы байланыс абоненттеріне 5 желтоқсан күні Астанада қатты көктайғақ болатынын ескертті. Сонымен қатар, көктайғаққа байланысты Қазақстанның бірқатар облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

"2015 жылдың 4 желтоқсанында Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында ауа райының бұзылуына байланысты барлық бағытта қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады", - деп хабарлады "Қазақавтожол" баспасөз қызметі.

Солтүстік Қазақстан облысында қоғамдық көліктердің қозғалысына мына автожолдарда шектеу қойылады: "Астана-Петропавл" - Көкшетаудан СҚО шекарасына дейінгі автожолда, "Көкшетау - Рузаевка" - Көкшетау аймағындағы жолдан СҚО шекарасына дейін, "Көкшетау-Омбы" тас жолында Көкшетаудан СҚО шекарасына дейін.

Бүгін Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Қызылорда - Павлодар" тас жолының Қарағанды облысындағы аумағынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі аймақта көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Айта кетейік, соңғы айда көктайғқ еліміздің бірнеше аймағында мәселе туындатты. Бұған дейін Қостанайда болған көктайғақтан 250 адам зардап шеккен еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети