Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Қостанайда көктайғақ тұрғындарды әбігерге салды

23 Қараша 2015, 10:19
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Ауа райының келеңсіздігі қостанайлықтарды әбігерге салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жолдағы көктайғақтан қалада көлік тоқтап, балалар мектепке бара алмады, ал ересектер жұмысына кешігіп жатыр.

Ауа райының аяқ асты жылынуынан қала көшелерін мұз басты. Автобустар шыққан жоқ, қалада такси тым аз. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, жол қызметкерлері мен техника таңғы сағат 4-тен бастап жолға құм және тұз сеуіп жатыр. Дегенмен бұз аздық ету үстінде. Қоғамдық көліктер сағат 10.00-ден бастап қана жұмыс істейді. Осыны пайдаланған таксишілер қызметтің құнын тым көтеріп жіберді.

"Автобус жүрмейді. Мен автопаркке қоңырау шалдым, автобустардың сағат 11.00-ден бастап жүретінін айтты. Такси жүргізушілері ауданнан орталыққа дейін 3000 теңге сұрап тұр. Баламен жеткенше екі рет құладық", - деді жергілікті тұрғын Наталья Кушнир.

Мектептерде сабақтар кейінге қалдырылған жоқ. Жергілікті билік келеңсіз ауа райына байланысты бөлек бұйрықтың түсетінін хабарлады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай