Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Астанада жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды

29 Тамыз 2014, 13:03
0
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Астанада көшедегі жаппай төбелеске қатысқандар анықталып, ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Софья Қылышбековаға сілтеме жасап.

"Астана полициясы қызметкерлері 2014 жылдың 27 тамызында Сейфуллин көшесінде болған жанжалдың қатысушыларын анықтап, ұстады. Олар: Алматы облысының тұрғындары - Volkswagen Polo автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі өзінің 27 жастағы ағасымен және Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары - Mitsubishi автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі ағасымен", - деді ол.

Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл дерек бойынша ұсталғандарға қатысты "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Материалдар шешім қабылдау үшін Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.

Еске сала кетейік, 28 тамыз күні Интернетте Астана көшелерінің біріндегі жаппай төбелестің видеосы пайда болған еді.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай