12 қыркүйек 2017 08:32

Астанада жоғалған 13 жастағы қыз Қарағанды облысынан табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада полицейлер жедел іздестіру кешенді шараларын жүргізу барысынла жоғалған 13 жастағы Альсина Әбдраеваның қайда екенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада полицейлер жедел іздестіру кешенді шараларын жүргізу барысынла жоғалған 13 жастағы Альсина Әбдраеваның қайда екенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қызды Қарағанды облысынан тапты. Қыз бұл жаққа достарына автобуспен өз бетімен кетіп қалған. Полицейлер қызды үйіне жеткізіп, ата-анасының қолына тапсырған. Оның жағдайы жақсы. 

"Оған қатысты қандай да бір құқық бұзу әрекеті жасалмаған", - деді Астана қалалық ІІД ресми өкілі Софья Қылышбекова. 

Бүдан кейін полицейлер бұл отбасыны бақылауға алып, профилактикалық шаралар жүргізеді.

Еске салайық, Альсина 9 қыркүйекте жоғалып кеткен еді. Ол құрбыларымен серуендеуге кетіп, сол бетте оралмаған. Ата-анасы Алматы аудандық ІІБ-ге арыз түсірген. Кәмелетке толмаған қызға бірден іздеу жарияланған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.4   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети