Астанада жоғалып кеткен 18 жастағы студенттің денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада жоғалып кеткен 18 жастағы студенттің денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"12 маусымда сағат 20.00 шамасында Есіл өзенінің бойында Спандияр Еркебұланның денесі табылды. Денеде зорлық белгілері жоқ. Полиция қызметкерлерінің тергеу жұмыстарын жүргізу барысында жоғалып кеткен студенттің денесін оның туыстары таныды. Қажетті сараптамалар жүргізіледі", - деді ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Осыған дейін осы дерек бойынша іздестіру ісі қозғалып, іздестіру шараларына Астана қалалық ІІД жеке құрамы жұмылдырылған болатын. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық гвардиясының әскери қызметкерлері мен еріктілер атсалысқан еді.
Еске салайық, 7 маусымда Спандияр Еркебұлан үйінен таңғы уақытта шығып кеткен. Келесі күні жігіттің анасы полицейлерге хабарлаған. Жоғалып кеткен студенттің белгілері: бойы шамамен 174 сантиметр, арық, шашы қара, қысқа. Ұзын женді ақ жейде, қара көк шалбар мен қара түсті аяқ-киім киген.