09 маусым 2023 11:55

Астанада қамауға алынған полицей қандай күдікке ілінгені белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Астана Полиция департаментінің ЖПҚ ротасының командирі пара беруге итермеледі деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.


Астана Полиция департаментінің ЖПҚ ротасының командирі пара беруге итермеледі деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана қаласы Полиция департаментінің жол-патрульдік қызмет ротасының командиріне қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр.

"Лауазымды адам азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдағаны үшін прокуратура жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бұрынғы қызметкері "Ж" арқылы сот жүйесінің қызметкерлеріне ірі мөлшерде пара беруге итермеледі деп күдіктенеді. "Ж" прокуратурада әкімшілік лауазымды атқара отырып, жедел қызметкер болмаған. Қылмыс жасау кезінде жұмыссыз болған", - делінген хабарламада.

Биыл 8 маусымда тергеу сотының санкциясы бойынша бұл адамдар қамауға алынды. Соталды тергеп-тексеру жалғасып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети