Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Астанада "Күзет" полкінің қызметкері бір әйелді қағып кетті

05 Тамыз 2015, 21:30
0

Астанада "Күзет" полкінің қызметкері 35 жастағы әйелді қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордадағы ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбекованың айтуынша, қайғылы оқиға 5 тамызда шамамен 19.00-де Қошқарбаев көшесінің бойында болды. "Күзет" полкінің қызметкері Daewoo Nexia автокөлігімен рұқсат етілген жерде, яғни жаяу жүргінші жолында өтіп бара жатқан әйелді қақты. Ол оқиға орнында қаза тапты. Жүргізуші ұсталды, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді Қылышбекова.

Еске салайық, екі күн бұрын Оралда жүргізуші бір әйелді қағып өлтірген болатын. Куәгерлердің айтуынша, әйел жолдан өтіп бара жатқанда жылдамдықты асырған көлік оны соғып кеткен.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай