Астанада Lexus автокөлігін ұрлау кезінде түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Оқиға салдарынан астаналық бір отбасы зардап шекті.
Астанада Lexus автокөлігін ұрлау кезінде түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Оқиға салдарынан астаналық бір отбасы зардап шекті.
Осыған дейін, оқиғаның мән-жайын Тengrinews.kz тілшісіне 25 жастағы жігіт айтып берді. Ол өзінің Lexus маркалы автокөлігімен ағасы, жеңгесі және қарындасымен бірге 20 қазанда кешкі уақытта Майлин көшесінде тұратын туыстарының үйіне көлігінің дөңгелегін ауыстыруға келген. Зардап шеккен тарап оқиғаның видеосын редакцияға берді.
"Көліктің жүк салғыш бөлігі ашық еді, мен екі дөңгелекті салып, қалғанын алып шығуға үйге кірдім. Осы кезде белгісіз біреу менің көлігіме отырып алған. Қарындасым осыны көріп қалып, оған кедергі келтірмекші болған және көмекке бізді шақырған. Жеңгем шығып, жолаушы отыратын жақтан кірген кезде бетінен соққы алып, құлап түскен", - деді жол талғамайтын көліктің жүргізушісі.
Оқиғаның мән-жайы туралы қыз бала да айтып берді.
"Бойы екі метр шамасындағы ер адам жұдырықпен анамның бетінен ұрды, шешемнің қолы есікке қысылып қалды. Осы кезде анамды сүйретіп ол көлікті оталдырып жүре бастады. Ол мені қағып, аяғымнан басып кетті. Мені сәл болмағанда басқа бір көлік қағып кете жаздады. Қуанышқа орай, ол тоқтап үлгерді. Осының барлығы екі минут ішінде болды. Осы уақыттың ішінде ол көлікті ұрлап, қоршауға соқтығысты. Шок... Осыдан кейін қашпақшы болды, полиция келгенге дейін оны төрт адам ұстап тұрды", - дейді көлік иесі.
Полиция ер адамды ұстады. Зардап шеккендердің айтуынша, ол арнайы органда жұмыс істейді. Зардап шеккен тараптың айтуынша, оқиғадан соң келесі күні оны босатып жіберген.
Оқиға салдарынан 57 жастағы әйел түрлі дене жарақатын алған, оның ішінде миы шайқалуы да бар. Lexus иесінің қарындасына дәрігерлер аяғы сынды деген диагноз қойған.
ҚР Ішкі істер министрлігі осы дерекке қатысты тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы бойынша жүріп жатқанын мәлімдеді.
"Қаскөй мас күйде көлік ұрлап, қашпақшы болып, автобус аялдамасына соқтығысты. Автомобиль иесіне бұзылған күйде қайтарылды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Кінәлі адам ішкі істер органына еш қатысы жоқ", - деді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев Tengrinews.kz сауалнамасына.