23 қазан 2018 15:34

Астанада ер адам екі минутта Lexus ұрлап, екі әйелге дене жарақатын салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астаналық отбасы - ерлі-зайыптылар мен олардың қызы және немере інісі ойламаған жағдайға тап болды. Өткен сенбіде олар белгісіз ер адамның әрекетінен зардап шекті. Ол жол талғамайтын көлікті ұрлап, отбасындағы нәзік жандыларға дене жарақатын салды. 


Астаналық отбасы - ерлі-зайыптылар мен олардың қызы және немере інісі ойламаған жағдайға тап болды. Өткен сенбіде олар белгісіз ер адамның әрекетінен зардап шекті. Ол жол талғамайтын көлікті ұрлап, отбасындағы нәзік жандыларға дене жарақатын салды. 

Оқиғаның мән жайын Тengrinews.kz тілшісіне 25 жастағы жігіт айтып берді. Ол өзінің Lexus маркалы автокөлігімен ағасы, жеңгесі және қарындасымен бірге 20 қазанда кешкі уақытта Майлин көшесінде тұратын туыстарының үйіне көлігінің дөңгелегін ауыстыруға келген. 

"Көліктің жүк салғыш бөлігі ашық еді, мен екі дөңгелекті салып, қалғанын алып шығуға үйге кірдім. Осы кезде белгісіз біреу менің көлігіме отырып алған. Қарындасым осыны көріп қалып, оған кедергі келтірмекші болған және көмекке бізді шақырған. Жеңгем шығып, жолаушы отыратын жақтан кірген кезде бетінен соққы алып, құлап түскен", - деді жол талғамайтын көліктің жүргізушісі. 

Оқиғаның мән жайы туралы қыз бала да айтып берді. 

"Бойы екі метр шамасындағы ер адам жұдырықпен анамның бетінен ұрды, шешемнің қолы есікке қысылып қалды. Осы кезде анамды сүйретіп ол көлікті оталдырып жүре бастады. Ол мені қағып, аяғымнан басып кетті. Мені сәл болмағанда басқа бір көлік қағып кете жаздады. Қуанышқа орай ол тоқтап үлгерді. Осының барлығы екі минут ішінде болды. Осы уақыттың ішінде ол көлікті ұрлап, қоршауға соқтығысты. Біз шок алдық... Осыдан кейін қашпақшы болды, полиция келгенге дейін оны төрт адам ұстап тұрды", - дейді көлік иесі. 

Полиция ер адамды ұстады. Зардап шеккендердің айтуынша, ол арнайы органда жұмыс істейді. Зардап шеккен тараптың айтуынша, оқиғадан соң келесі күні оны босатып жіберген. 

Оқиға салдарынан 57 жастағы әйел түрлі дене жарақатын алған, оның ішінде миы шайқалуы да бар. Lexus иесінің қарындасына дәрігерлер аяғы сынды деген диагноз қойған. 

ҚР Ішкі істер министрлігі осы дерекке қатысты тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы бойынша жүріп жатқанын мәлімдеді. 

"Қаскөй мас күйде көлік ұрлап, қашпақшы болып, автобус аялдамасына соқтығысты. Автомобиль иесіне бұзылған күйде қайтарылды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Кінәлі адам ішкі істер органына еш қатысы жоқ", - деді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев Tengrinews.kz сауалнамасына. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети