10 тамыз 2017 11:38

Астанада мас жүргізуші екі адамды қағып мерт қылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Астанада мас жүргізуші жолаушыларға арналған жолдан өтіп бара жатқан екі адамды қағып мерт қылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Астанада мас жүргізуші жолаушыларға арналған жолдан өтіп бара жатқан екі адамды қағып мерт қылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полициядағылар оқиғаның тамыздың 9-нан 10-на қараған түні болғанын айтады. 

"2017 жылы 10 тамызда шамамен түнгі 03:00-де Lada 21901 маркалы көліктің жүргізушісі мас күйінде Қабанбай батыр даңғылымен келе жатып, жолаушыларға арналған жолдан өтіп бара жатқан екі адамды қағып кетті", - деді Астана ІІД баспасөз қызметі. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Жаяу жүргіншілерді қаққан Lada 21901 маркалы автомобилі артынша жарықтандыру бағанға соғысқан. 

"Осы дерекке қатысыт ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекеттер") бойынша іс қозғалды. 29 жастағы жүргізуші ұсталып, Астана ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Lada 21901 автокөлігі коммуналдық тұраққа жеткізілді. Жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді полицейлер. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети