16 мамыр 2017 15:41

Астанада оқушы қыздың дене шынықтыру кезінде неден мерт болғаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астана қаласының Білім басқармасының өкілдері 11-сынып оқушысының дене шынықтыру сабағында көз жұмғанына қытысты мән-жайды айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Астана қаласының Білім басқармасының өкілдері 11-сынып оқушысының дене шынықтыру сабағында көз жұмғанына қытысты мән-жайды айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

2017 жылдың 3 мамырына Астана қаласындағы № 44 орта мектепте дене шынықтыру сабағында 1999 жылы туған 11 сынып оқушысы әлсіреп, артынан көз жұмған. 

Бұл дерекке қатысты қызметтік тексеріс жүргізу мақсатында Білім басқармасы қызметкерлері қатарынан комиссия құрылғаны хабарланып отыр.  

"Жауап алу кезінде Айжанның дене шынықтыру сабақтарынан босатылғаны анықталды. Диагнозы - гипертрофикалық кардиомиопатия. Алғашқы сабақ дене шынықтыру болды, ол жүгіріп қайтуды сұраған, алайда мұғалім рұқсат бемеген. Оған қарамастан оқушы жеңіл жүгіре бастаған. 100 метр жүгіріп өтпесетен баяулап барып, құлап түскен. Оқиға 08:11, 08:12 шамасында болған, жедел жәрдем шақыртылды", - дейді ведомство өкілдері. 

Басқарма өкілдерінің айтуынша, жедел жәрдем келгенше мектеп медбикесі мен дене шынықтыру мұғалімі алғашқы жәрдем көрсеткен. Кейін жергілікті амбулатория дәрігерлері және терапевт дәрігер жансақтау әрекеттерін жасағанымен, қыз бала есін жимады. 08:28-де жедел жәрдем келіп жетті, ондағы дәрігерлер қызды аман алып қалу әрекетін жалғастырған. Дегенмен қызды құтқару мүмкін болмаған. 

Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша өлімге өткір жүрек-қан тамыры жетіспеушілігі себеп болған. 

Мұның алдында, полицейлер 1999 жылы туған өқыздың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағаны хабарланған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети