02 тамыз 2018 09:18

Астанада салынып жатқан коттедж қирап, жұмысшылар үйінді астында қалды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ІІМ ТЖК баспасөз қызметі © ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Астанада салынып жатқан коттедждің екінші қабатының едені бірнеше адамның үстіне құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖК-ға сілтеме жасап. 


Астанада салынып жатқан коттедждің екінші қабатының едені бірнеше адамның үстіне құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖК-ға сілтеме жасап. 

"1 тамызда сағат 19.55-те Балқантау 171 көшесінде салынып жатқан екі қабатты коттедждің анықталмаған жағдайда бірінші және екінші қабат аралығындағы еден құлады. Салдарынан 1970 және 1983 жылғы жұмысшылар үйінді астында қалды. Олар ауруханаға жеткізілді. Қазір өлім аузында тұрған тағы бір жұмысшыны үйіндіден шығару жұмысы жүріп жатыр", - деп хабарлады ТЖК баспасөз қызметіндегілер. 

Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің Орталық аймақтық аэромобильді жедел-құтқару қызметінің құтқарушылары жұмыс істеп жатыр деп хабарланды. Сондай-ақ, онда Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет жанындағы Апат медицина орталығының дәрігерлері бар.

Кейін құтқарушылар үшінші жұмысшыны үйінді астынан шығарып алғанын хабарлады. Ол тірі және ауруханаға жеткізілді. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети