Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында өрт болды

15 Қараша 2016, 16:46
0
Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында өрт болды - © Әлиев М.М.
© Әлиев М.М.

Елордада салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында өрт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. Айта кетейік, өрт арнайы қызметкерлер келгенге дейін сөндірілген.

"Сағат 14.52-де Хусейн бен Талал - Орынбор көшелерінің қиылысында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Сағат 14.59-да салынып жатқан "Арнау" тұрғын үй кешенінде жылыту құралының жанып кеткені анықталды. Өрт арнайы қызметкерлер келгенше сөндірілген. Өрттің аумағы бес шаршы метрді қамтыды", - деді Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.

Еске сала кетейік, осыған дейін Астанадағы "Әбу-Даби Плаза" ғимаратында да өрт болған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай