17 тамыз 2017 09:53

Астанада табылған кішкентай қыздың әкесі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада табылған кішкентай қыздың әкесі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада табылған кішкентай қыздың әкесі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана полицейлері іздеу шараларының барысында биыл 10 тамызда Қабанбай батыр көшесіндегі айналма жолда түнгі уақытта табылған қыздың әкесін анықтады. 

"Қазіргі уақытта шешесінің аты-жөні анықталды - Дамиля Ахметшина, 1988 жылғы, Павлодар облысының тұрғыны. Оның қайда екенін анықтау бойынша шаралар жүріп жатыр", - деп хабарлады Астана қалалық ІІД өкілдері. 

Павлодар облысының 37 жастағы тұрғыны Вячеслав Герасько тіркелмеген әйелімен бірге тұрып жатпағанына екі жыл болыпты. 2015 жылы әйелі қызы Милананы алып, Теміртаудан елордаға кетіп қалған. Астанада ол пәтер жалдап тұрып жатқан, одан бері хабар алмаған. 

Алайда қыз қазіргі уақытта Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында қалады. Ер адамның тұрғылықты жері жоқ және кездейсоқ нәпақамен күн көреді. Қазіргі таңда ол Қарағанды облысының Осакаров ауданындағы ауылдардың бірінде құрылыс нысанында жұмыс істеп, сол жақта тұрып жатыр екен. Оны полицейлер Астанаға кеше жеткізген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети