Астанада тағы да лифт үзіліп кете жаздады

© аvtoInsider.com

Астанада ішінде адамы бар лифт т?сіп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ку?герлерге сілтеме жасап.

Астанада ішінде адамы бар лифт түсіп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі куәгерлерге сілтеме жасап.

Куәгерлердің мәліметінше, төтенше жағдай "Эдем Палас-1" тұрғын үй кешенінде болған, бұл үй бір апта бұрын осындай жағдай болған үйдің маңында орналасқан.

"Мен апат болған осы лифттің ішінде едім. Құлады деуге келмейді. 17-қабатта лифтке кірдім, жүріп кеткенде, металлдың сүрілген дыбысы шықты. 15-қабаттан 9-қабатқа дейін құлап кеткендей жылдам түсті", - деді үйдің тұрғыны Анастасия Гараськова.

Реклама
Реклама

"9-қабатта дереу тоқтап, кабина үш рет сілкінді. Сосын қайтадан тоғызыншы қабаттан тоқтап, бір минуттай тұрды да, 5-қабатқа дейін жүрді, сөйтіп есік ашылды. Әзірше полицияға арыз жазған жоқпын, қазір полицейлерді күтіп тұрмын", - деді зардап шеккен әйел.

Еске салайық, 13 сәуірде "Эдем Палас-2" тұрғын үй кешенінде ішінде 7 адамы болған лифт құлап кеткен еді. Абырой болғанда, сол жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ, кейін елордалық ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлаған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама