11 наурыз 2016 17:24

Астанада төрт жасар бала үшінші қабаттан құлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Mosmonitor.ru © Mosmonitor.ru

Астанада төрт жасар бала үшінші қабаттағы терезеден құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада төрт жасар бала үшінші қабаттағы терезеден құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 9 наурызда болған. Астана ІІД ЖБО қызметкерлері сағат 17.00-де ауруханаға 2011 жылғы баланың түрлі жарақатпен жеткізілгенін хабарлады. Ол Күйші Дина көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің үшінші қабатынан құлап кеткен екен.

Бала қазір түрлі деңгейдегі жарақатпен медициналық мекемеде ем алып жатыр. ІІД мәліметінше, осы дерек бойынша тексеру жүргізіледі.

Елордалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері былтыр кішкентай балалардың қатысуымен 29 қайғылы оқиға болғанын, оның төртеуі өліммен аяқталған мәлімдеді. Құлап кету жағдайларының барлығында балалар терезенің жақтауына өзі шығып кеткен.

Осыған байланысты Астана полицейлері ата-аналарға бірнеше кеңес берді:

Терезе алдында ойнап жүрген балаларды қараусыз қалдырмау.
Терезені сенімді қорғамайтын торларды алып тастау.
Терезе маңына жиһаз қоймау.
Үйде бала бар кезде терезені ашық қалдырмау.
Бала терезені өздігінен аша алмау үшін сенімді блокиратор орнату.
Балаларға қауіпсіздік сабақтарын үйрету. Балалардың үлкенін кішісіне қарауға үйрету.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети