Астанада төтенше жағдайдан қаза болғандар Өзбекстан азаматтары болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада төтенше жағдайдан қаза болғандар Өзбекстан азаматтары болып шықты Tengrinews.kz

Астанада құрылыс алаңында болған төтенше жағдайдан қаза болғандар Өзбекстан азаматтары болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада құрылыс алаңында болған төтенше жағдайдан қаза болғандар Өзбекстан азаматтары болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, төтенше жағдай бүгін сағат 11:56-да Алаш көшесі, №25 үй, "Сарыарқа" ауданындағы салынып жатқан нысанда болды. Нысанның жабын плиталары мен қабырғалары құлаған.

"Алдын ала мәліметтер бойынша оқиға салдарынан 3 адам зардап шеккен. Олардың 2 қаза тауып, 1 ауруханаға жатқызылған. Барлығы да Өзбекстан азаматтары", - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Қазіргі таңда Астана қаласы ІІД бастығы орынбасарының тапсырмасы бойынша тергеуші Шлянов Б. жетекшілігінің астында тергеу амалдарын жүргізетін жедел-тергеу тобы құрылды. Тергеу жұмыстарын жүргізу үшін Саяхат К. (нысанға тапсырыс беруші), "ЭКО-ЖС" ЖШС (нысанның бас мердігері), С. Струминский (авторлық қадағалау), Нугманов А. (учаскі бастығы) елорданың ІІД жеткізілді. Аталмыш оқиға тіркелді, процессуалды прокурор болып Айтжанов Н. белгіленді.

Айта кетейік, оқиға салдарын жоюға ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар Комитетінің бөлімшелері – Астана қаласының Төтенше жағдайлар Департаменті, Астана қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстарының қызметі, ҚР ІІМ ТЖК апаттардың медициналық орталығы, өңірлік аэромобильді жедел-құтқарудың орталық отряды жұмылдырылды. Барлығы үйінділерді жою мен зардап шеккендерді іздестіру шараларына 15 құтқарушы, мамандандырылған техника мен мамандандырылған жабдық жұмылдырылды.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети