06 маусым 2023 14:22

Астанада тұрғын үй кешені автотұрағында өрт шықты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің жерасты автотұрағында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің жерасты автотұрағында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде өрт шыққан орынның видеосы тарап кетті.

Кадрлардан тұрғындар жоғарғы қабаттардан эвакуацияланып жатқанын көруге болады.

"6 маусымда сағат 11:56-да Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Мұхамедханов көшесіндегі тұрғын үй кешенінің автотұрағында өрт шыққаны туралы келіп түскен хабарламаға барды.

Өртсөндірушілер 7 минут ішінде келіп, тұрақта бір көліктің жанып жатқанын анықтады", - делінген хабарламада.

Өрт орнында дереу жедел штаб құрылып, өртсөндірушілер барлау жұмыстарын жүргізіп, жоғарғы қабаттардағы адамдарды эвакуациялап жатыр.

Қазіргі уақытта астаналық өртсөндірушілер қарқынды жұмыс істеп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети