10 қыркүйек 2017 12:58

Астанада үш автомобиль өртеніп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгер суреті Куәгер суреті

Астанада көпқабатты үйдің алдында тұрақта тұрған үш көлік өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өрт туралы мәліметті ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады. 


Астанада көпқабатты үйдің алдында тұрақта тұрған үш көлік өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өрт туралы мәліметті ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады. 

Өрт 10 қыркүйекте таңғы 8 шамасында болған. Рысқұлбеков көшесінің бойында ВАЗ 2114, Nissan Almera маркалы көліктер толығымен өртеніп кетті, ал Kia Picanto көлігінің бір бөлігі зардап шекті. 

"Өрттің таралуы 08:10-да тоқтатылды, ал 08:12-де толығымен сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіруге 10 адам мен екі арнайы техника жұмылдырылды", - деді Иманқұлов. 

Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети