03 қаңтар 2018 13:33

Астанада із-түссіз жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада із-түссіз жоғалып кеткен ер адам іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ер адамның аты-жөні Дулат Қыдыралин екені және оның 1966 жылғы екені айтылады.

Туыстарының айтуынша, оны соңғы рет Ғабдуллин көшесінің аумағында Кенесары мен Иманбаева көшелерінің арасында көргендер бар.

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі ер адамның жоғалғаны жайлы мәліметті растады.

"Полицейлер жоғалып кеткен ер адамды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Іздестіру жұмыстарына Астана қалалық ІІД жеке құрамы мен ҚР ІІМ Ұлттық ұлан әскери қызметкерлері жұмылды", - деп хабарлады полициядағылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети