Астанада жоғалып кеткен 18 жастағы студенттің денесі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жоғалып кеткен 18 жастағы студенттің денесі табылды Спандияр Еркебұлан © Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі

Астанада жоғалып кеткен 18 жастағы студенттің денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада жоғалып кеткен 18 жастағы студенттің денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"12 маусымда сағат 20.00 шамасында Есіл өзенінің бойында Спандияр Еркебұланның денесі табылды. Денеде зорлық белгілері жоқ. Полиция қызметкерлерінің тергеу жұмыстарын жүргізу барысында жоғалып кеткен студенттің денесін оның туыстары таныды. Қажетті сараптамалар жүргізіледі", - деді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Осыған дейін осы дерек бойынша іздестіру ісі қозғалып, іздестіру шараларына Астана қалалық ІІД жеке құрамы жұмылдырылған болатын. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық гвардиясының әскери қызметкерлері мен еріктілер атсалысқан еді.

Еске салайық, 7 маусымда Спандияр Еркебұлан үйінен таңғы уақытта шығып кеткен. Келесі күні жігіттің анасы полицейлерге хабарлаған. Жоғалып кеткен студенттің белгілері: бойы шамамен 174 сантиметр, арық, шашы қара, қысқа. Ұзын женді ақ жейде, қара көк шалбар мен қара түсті аяқ-киім киген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети