29 қыркүйек 2015 | 13:38

Астанадағы атышулы той кортежінің кімді шығарып салғаны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© TengrinewsTV © TengrinewsTV

Астанадағы атышулы той кортежінің кімді шығарып салғаны белгілі болды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанадағы атышулы той кортежінің кімді шығарып салғаны белгілі болды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана көшелерінде шоу ұйымдастырған жүргізушілер және неке қию рәсімін тойлап жатқандардың танысы, Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Б. Балташевтың ұлы әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, осы дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі қосымша хабарланады.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде қымбат көліктермен елорда көшелерінде шоу ұйымдастырғандар видеосының жарияланғаны хабарланған болатын. "Гелендвагендердің" жүргізушілері өздерінің артқа қарап көлік жүргізе алатын "өнерлерін" көрсетті. Олар бірнеше рет жол апаты қаупін тудырып, жолдың қарсы бағытына шығып, жол ортасындағы жолақтарды басты. Жүргізушілердің бұл қылығы қолданушылардың наразылығын тудырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.58   535.1   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети