14 наурыз 2017 11:04

Астанадағы емханалардың бірінде медқызметкер мен ер адамның арасында болған дау видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы №12 емхананың басшылығы медициналық қызметкер мен ер адамның арасында болған дауға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанадағы №12 емхананың басшылығы медициналық қызметкер мен ер адамның арасында болған дауға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 2017 жылдың 13 наурызында болған. Онда белгісіз бір ер адам мен медициналық қызметкер Жасұлан Молдабековтың арасында дау шыққан.

"Сағат 11.55-те емхананың тіркеу бөліміне 1983 жылғы әйел келді. Содан қызметкерлер оны № 116 кабинетке, яғни, дәрігерге дейінгі тексеру кабинетіне жіберді (...) Әйелге жедел көмек көрсету керек болатындай ол қатты ауырып тұрған жоқ еді. Содан ол қайтадан тіркеу бөліміне келді. Әлсіздігіне шағымданды. Оның екінші рет келгенін ескере отырып, біз оны учаскелік дәрігердің жұмыс кестесі сәйкес болмауына байланысты басқа дәрігерге жібердік (№ 102 кабинетке)", - деді емханадағылар.

Қызметкерлердің айтуынша, науқас әйел дәрігердің кабинетінде басқа науқастың отырғанына қарамастан, баса-көктеп кірген. "Науқас әйел ашулы болды. Содан дәлізде басқа адаммен сөйлесіп тұрған белгісіз біреу дәрігер мен әйелдің әңгімесіне араласа бастады. Ол әйелді қорғап, медициналық қызметкерді балағаттай бастаған", - делінген түсініктемеде. Содан екі ер адам мекемеден шыға бере жанжалдаса бастаған.

Емханадағылардың айтуынша, науқас әйелді басқа терапевт қараған. "Науқас әйелдің барлық талабы орындалды. Қажетті ем тағайындалды", - деді емхана қызметкерлері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети