1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Астанадағы EXPO-2017 аумағында құрылыс бөлігі опырылды16 қараша 2016, 15:02

Куәгер жолдаған сурет Куәгер жолдаған сурет

Астанадағы EXPO-2017 аумағында құрылыс бөлігі опырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Декоратив көпірдің бір бөлігі бар еді, ол расында опырылды. Бұл бүгін, 16 қарашада бірнеше сағат бұрын болып отырған жағдай. Себептерін әзірше білмеймін. Бұл ғимаратты BI Group компаниясы салып жатыр. Олар енді жобалаушыны шақырды, құрылыс бөлігін қайта қалпына келтіретін болады", - деді "Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Куянов.

Оның айтуынша, ұлттық компаниядағылар ғимаратты әзірше пайдалануға қабылдамағандықтан, бұл мәселені енді мердігерлер өз қаражатына қайта қалпына келтіруі тиіс.


Алматыда митинг өтті