1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

EXPO-2017 аумағындағы төтенше жағдайдан бір жұмысшы ауруханаға түсті

Астанадағы EXPO-2017 аумағындағы төтенше жағдайдан бір жұмысшы ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жедел жәрдем қызметі бір жұмысшыны ауруханаға жеткізді", - дейді тілші оқиға орнынан. Қазіргі уақытта онда ешкімді кіргізбей жатыр, аумақта күзет қызметі күшейтілді. Екінші жедел жәрдем көлігі құрылыс аумағынан кетті, көлікте зардап шеккендер болған жоқ. Үшінші жедел жәрдем көлігі сол жақта қалды. Дәрігерлер әзірше ешқандай мәлімет айтқан жоқ. Оқиға орнына криминалистер тобы барды.


© Әсел Сатаева

Еске салайық, осыған дейін бүгін Астанадағы EXPO-2017 аумағында құрылыс бөлігінің опырылғаны хабарланған болатын.