Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Астанадағы мешіттің маңында болған жол апаты: BMW жүргізушісіне іздеу жарияланды

15 Шілде 2015, 11:57
0
©kpsamara.ru
©kpsamara.ru

14 шілдеде Астанадағы мешіттің маңында үш автомобильдің қатысуымен жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"BMW маркалы автокөлікті жүргізіп келе жатқан жүргізуші Достық даңғылымен Сауран көшесіне қарай бағыт алып, бағыттас келе жатқан ВАЗ 2114 маркалы көлікпен соқтығысты. ВАЗ 2114 көлігі соққыдан қарсы бағыттағы жолға шығып кетті, ол жақта қарсы бағытта келе жатқан Lexus маркалы көлікпен соқтығысты", - делінген ІІД хабарламасында.

Оқиға салдарынан ВАЗ 2114 маркалы автомашинаның 21 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. ВАЗ 2114 көлігінің 22 жастағы жүргізушісі түрлі деңгейдегі жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Lexus көлігінің жолаушысы ауруханаға жеткізіліп, дәрігер қарауынан кейін үйіне жіберілді.

"Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде BMW маркалы автокөлікті Ақмешіт көшесінің бойында тапты. Із жасырған жүргізушіні іздестіру шаралары жүріп жатыр", - деп хабарлады баспасөз өкілдері.

Баспасөз хатшысының айтуынша, 14 шілде күні шамамен 22.00-де Достық даңғылында болған жол-көлік оқиғасы дерегіне байланысты Астана қалалық ІІД Анықтау басқармасының қызметкерлері соталды тергеуді бастады. Бұл дерек соталды бірыңғай тергеу реестріне "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша жол қозғалысы ережесін бұзу" бабының белгілері бойынша тіркелді, сонымен қатар жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу дерегі тіркеліп отыр. 

"Осы жол-көлік оқиғасының куәгерлерінің 8(7172)71-61-94, 8(7172)71-62-14, 8 701 794 00 94, немесе 102 номеріне хабарласуын сұраймыз", - деді ІІД өкілдері.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай