08 қыркүйек 2021 09:04

Атырау облысында ағасының мәйітін жасырып ұстаған мұғалім мектебіндегі жұмысына оралды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ағасының мәйітін алты ай бойы қорада сақтаған мұғалім Атырау облысы Таңдай ауылындағы мектептегі жұмысына оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Евразия" бірінші арнасына" сілтеме жасап.


Ағасының мәйітін алты ай бойы қорада сақтаған мұғалім Атырау облысы Таңдай ауылындағы мектептегі жұмысына оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Евразия" бірінші арнасына" сілтеме жасап.

Белгілі деректер бойынша, қарт ер адам өзінің мұғалім жиенімен бір үйде тұрған. Оның туыстары ер адамның хабарсыз, жоғалып кеткеніне алаңдаған. Кейін әйел белгісіз себептермен ағасының мәйітін қорада бірнеше ай сақтағаны белгілі болған. 82 жастағы қарияның денесі 2021 жылы қаңтарда табылған.

Бұл белгілі бола салысымен әлеуметтік желілерде мұғалім ағасын былтыр жазда өлтіріп, мәйіттін бөлшектеп, үлкен сөмкеге жасырып қойғаны туралы ақпарат тарады. Тергеу кезінде мұғалім жұмыстан шеттетілген.

Алайда зейнеткерді өлтірген деген нұсқа жоққа шығарылған. Сараптама ер адам табиғи өлімнен қайтыс болғанын көрсеткен.

Сәуірде мұғалімге қатысты қылмыстық іс қылмыс құрамының жоқтығына байланысты тоқтатылып, 1 қыркүйекте ол жұмысына оралған. Бұл - мектеп оқушыларының ата-анасын ашуландырған.

"Біз балаларымыз тыныш жағдайда оқығанын қалаймыз. Балалар ғана емес, ересектер де одан қорқады. Өйткені шын мәнінде не болғанын ешкім білмейді", - дейді ауыл тұрғыны Жолдас Бейсекенұлы.

Мектеп директоры Серік Қойбақовтың айтуынша, әйел ақталғаннан кейін оған мұғалімге жұмыс табуды тапсырған.

Телеарна мәліметінше, әйел туысының қайтыс болғаны туралы неге хабар бермеді және мәйітті не үшін ұстағаны әлі белгісіз. Полиция бұл туралы ақпарат бермейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети