Атырауда айдың басында жанармай бекетіне шабуыл жасалған еді. Полицейлер оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Атырауда айдың басында жанармай бекетіне шабуыл жасалған еді. Полицейлер оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Таңғы уақытта Датұлы көшесіндегі автожанармай құю станциясына екі ер адам баса көктеп кіріп барған. Күзетшіні қорқытып, кассирге қауіп төндірген ер адамдар кассадан 268 мың теңге ұрлап, қашып кеткен.
Полицейлердің қылмыстың бетін ашты. Ер адамдар жалдамалы пәтерде отырып әрекеттерін алдын ала жоспарланған. "Қылмыстық топтың қозғалу құралы ретінде шетелде есепте тұрған Lada 21101 автокөлігі таңдалған. Ірі сома иеленген жағдайда, күдіктілер елден тыс жерлерге кедергісіз шығуды жоспарлаған", - деді Атырау облысы ПД баспасөз қызметінің өкілдері.
Көліктің шетелдік көліпен жүруі полицейлерге тергеу шараларын жүргізуге айтарлықтай кедергі келтірген. Алайда, бейнебақылау камераларының көмегімен құқық қорғау органдары қызметкерлері бір тәуліктеолардың соңына түсіп, қарақшыларды ұстады.
Пайдаланылған автокөліктің салонында ақша, травматикалық тапанша, маскалар табылды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігі ("Қарақшылық") бойынша жүргізіліп жатыр.