Атырауда анасы мен төрт баласы уланып қала жаздады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Аzh.kz Фото: Аzh.kz

Атырауда түгел бір отбасына иіс тие жаздады. Төрт баланың анасы Нұргүл Бердіғалиева балаларын үйден алып шыққан соң есінен танып қалғанын айтты, - деп хабарлайды Ақ Жайық.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Атырауда түгел бір отбасына иіс тие жаздады. Төрт баланың анасы Нұргүл Бердіғалиева балаларын үйден алып шыққан соң есінен танып қалғанын айтты, - деп хабарлайды Ақ Жайық.

"28 ақпанда түскі астан кейін үйде ұйықтап қалдым, көзімді ашқанда басым қатты ауырды. Иіс сезілді, мен оның газ екенін бірден түсіндім, балаларға далаға шығыңдар дедім. Кішкентай баламды киіндіріп, жақындарым мен достарыма алып бардым. Балаларды әр түрлі мекенжайға апарып жүргенде өзіме мән бермеппін, құрбыма келгенде есімнен танып қалдым", - дейді Нұргүл Бердіғалиева.

Ол ауруханада есін жиған - түнгі екіге дейін оған медициналық көмек көрсетілді. Бірақ ол ауруханада қалудан бас тартқан, себебі балаларын әр түрлі жерде қалдырғысы келмеген. Сол күні ол 104-ке қоңырау шалған, қызметкерлер келіп, бітеме қойған, сол кезде отбасына басқа жерде түнеуге кеңес берген. Келесі күні таңертең - 1 наурызда - қызметкерлер тағы келіп, қазандық пен мұржаны ашып тексерген.

Нұргүл мен жарының өз үйі жоқ, пәтер жалдайды. Олардың 4 баласы бар - екі қыз бен екі ұлы. Кіші ұлы Ақниет - мүгедек, церебрал сал ауруы және ұстама синдром диагнозы қойылған.

"Мен 2016 жылдан бері баламның мүгедектігіне байланысты кезекте тұрмын, кезек қашан келетіні - белгісіз. Жарым қазір вахтада, ол қант диабетімен ауырады, бірақ мүгедектігіне (2-топ) қарамастан, ол жұмыс істейді. Өз баспанамыз болмаған соң, жалға аламыз. Бірақ бізді көбі үйі немесе пәтеріне кіргізбейді: көпбалалы отбасын проблема санайды. Бүкіл қаланы аралап шықтым, өйткені науқас балаға жағдай қажет, оны жиі жуындыру керек, үй әрдайым жылы болуы қажет", - деді Бердіғалиева.

Еске салайық, 19 ақпанда бесқабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтер өртеніп кеткен болатын. Пәтерде 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылғы балалар болған, олар үйде ересектердің қарауынсыз қалған. Алдын ала мәлімет бойынша, отбасының әкесі жұмыста болған, анасы дүкенге кеткен. Барлық балаға иіс тиіп, шұғыл ауруханаға жатқызылған, бірақ біраз уақыттан кейін олар қайтыс болған еді.

Бұған дейін, 27 ақпанда Түркістандағы жекеменшік үйлердің бірінде құтқарушылар бес адамның мәйітін тапқан еді, олардың төртеуі бала. Олар иіс тиіп қаза тапқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro