21 сәуір 2021 09:22

Атырауда екі ай бұрын жоғалып кеткен ер адам табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©azh.kz Фото: ©azh.kz

Полицейлер Атырау маңындағы Талғайран аулында хабар-ошарсыз кеткен 29 жастағы Наурыз Әйтекешовтің мәйітін тапты, - деп хабарлайды "АқЖайык".


Полицейлер Атырау маңындағы Талғайран аулында хабар-ошарсыз кеткен 29 жастағы Наурыз Әйтекешовтің мәйітін тапты, - деп хабарлайды "АқЖайык".

Ер адам 5 ақпанда жоғалып кеткен. Ол үйінен сырт киімсіз, жалаң аяқ шыққан. Оны іздестіру жұмыстарымен ондаған ерікті, полиция және жедел жәрдем қызметкерлері айналысқан.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Мейірім Ердәулеттің айтуынша, 17 сәуірде Наурыздың мәйітін вагон-контейнерден "Жаңәділ" шаруа қожалығының қызметкерлері тапқан.

Наурыз Айтекешов - отбасыдағы тоғыз баланың төртіншісі. Қарабатан станциясынан Талғайранға көшіп, сонда үй салған. Туыстарының айтуынша, бірнеше жыл бұрын ер адамда психикалық ауытқулар болған. Ол үйінен белгісіз бағытта кетіп қалған. Бірақ кейін табылған. © azh.kz

"Денесін тексеру кезінде зорлық-зомбылық іздері табылған жоқ. Ер адамның мәйіті сараптамаға жіберілді", - деді баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети