25 наурыз 2017 09:30

Атырауда ер адам терезеден секіріп кетіп, өлімнен аман қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда ер адам металл контейнерден жасалған үйдегі өрт пен жарылыстан терезеден секіріп кетіп аман қалды. Оқиға 23 наурызда таңғы уақытта Әбілқайыр хан даңғылының маңындағы құрылыс алаңында болған, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Басылым редакциясына жолданған видеоға қарағанда, өрт газ баллонының бүлінуінен шыққан. Осы үйде болған ер адам терезеден секіріп түскенде артында жарылыс болған. 

"Ауданы 12 шаршы метр болатын контейнер түгелдей өртеніп кетті. Зардап шеккен бір адам бар, күйік емес, денесі тілінген. Ауруханаға жатудан бас тартты", - деп пікір білдірді Атырау облыстық ТЖД кезекші бөліміндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети