Атырауда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз өзеннен іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
Жалғасы
Қыз бала 14 маусымда таңғы уақытта "Бесікті" мектеп-интернатына барған. Ал кешкі 17.15-те ол лагерьден үйіне оралуы керек болған, алайда содан бері оны ешкім көрмеген. Сол күні сағат 22.20-да әйел полицияға хабар берген.

Өңірлік құтқару қызметі қыз баланы өзеннен іздестіріп жатыр. Іздестіру жұмыстарына полицейлермен қатар жергілікті тұрғындар, мұғалімдер және көршілері кіріскен.
Басылымның мәліметінше, болжам бойынша, қыз суға батып кеткен.
ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС