15 шілде 2017 12:09

Атырауда кесарев тілігімен егіз босанған әйел қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет Көрнекі сурет

Атырауда Кесарев тілігін жасатқан әйел қайтыс болды. Егіз баланың анасы атанған әйел балаларын көре алмай кетті, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".


Атырауда Кесарев тілігін жасатқан әйел қайтыс болды. Егіз баланың анасы атанған әйел балаларын көре алмай кетті, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

27 жастағы келіншек осымен төртінші рет кесарев тілігі арқылы босанғысы келген. Егіз баласымен қатар оның алты және жеті жастардағы үш баласы қалды. 

Қайғылы оқиға 5 шілдеде облыстық перзентханада болған. Келіншек қалалық 4-ші емхананың есебінде тұрған. 

"4 шілдеде жүкті әйел жедел жәрдемді өзі шақыртып, ол облыстық перзентханаға жеткізілген. Оған Кесарев тілігі бойынша отаны еңбек тәжірибесі 10 жылдан асқан жоғары мамандандырылған дәрігерлер жасады. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама өткізілді, осы дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, оған республикалық Ана мен баланың құқығын қорғау орталығының мамандары қатысуда", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймурзаева өңірлік медицинаны дамыту мәселелері жөніндегі координациялық кеңестің барысында.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің өкілдері 27 жастағы келіншектің облыстық перзентханадағы 5 шілде тіркелген өліміне қатысты зардап шеккен тараптың арызының негізінде биыл 8 шілдеде ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабының 3-бөлігі (Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, өткен жылы Атырауда босанушы әйел баласымен бірге қаза тапқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети