29 қазан 2017 10:52

Атырауда көлік жүргізушісін аяусыз ұрып-соққан ер адамның видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда жол бойында көлік жүргізушісін ұрып-соққан ер адамның видеосы жарияланды. Ролик @atyrauoil паблигінде пайда болды, - деп хабарлайды  "Мой ГОРОД".


Атырауда жол бойында көлік жүргізушісін ұрып-соққан ер адамның видеосы жарияланды. Ролик @atyrauoil паблигінде пайда болды, - деп хабарлайды  "Мой ГОРОД".

Видео сипаттамасында оқиғаның "Авангард" ықшамауданында болғаны айтылады. Кадрлардан ер адамның көлік жүргізушісін ұрып-соғып жатқанын көруге болады.

Зардап шеккен ер адам жерде отырып, жасалып жатқан соққылардан басын қорғайды. Жолда төрт көлік тұр, оның қайсысы төбелескендердікі екені айтылмайды. Біршама уақыт өткеннен кейін куәгерлер ашулы ер адамды сабасына түсіреді. Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер оқиғаға қатысты пікір білдірмеген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети