09 шілде 2015 16:17

Атырауда Крейг Дэвидке айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.sud.kz © astana.sud.kz

Атырауда Крейг Дэвидке айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Атырауда Крейг Дэвидке айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты атақты әншімен аттас, Ұлыбритания Королдігінің азаматы Грей Крейг Дэвидке қатысты әкімшілік істі қарады. Оған еліміздің  аумағында болуға 2014 жылдың 15 мамырынан 2015 жылдың 23 сәуіріне дейін рұқсат берілген, бірақ ол виза мерзімін бұзып, мамыр айы бойы өз жұмысын жалғастырып келді.

"Крейг Дэвид ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы 5-бөлігінде көрсетілген құқықбұзушылыққа жол берген. Сондықтан ол осы бап бойынша кінәлі деп танылып, оған  25 төменгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни  49 550 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети