25 ақпан 2016 18:38

Атырауда ұсталған жүргізуші видеокамера алдында өзін-өзі ұрып соқты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда ер адам жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің көзінше қызметтік автомобильдің салонында өзін-өзі ұрып соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Атырауда ер адам жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің көзінше қызметтік автомобильдің салонында өзін-өзі ұрып соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2016 жылдың 24 ақпанында шамамен 22.00-де Атырау - Индер автожолында, Жұлдыз ықшамауданына таяу жерде (қаланың кіреберісі) Атырау облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік ротасының қызметкерлері тексеріс жүргізу үшін Lada Largus автомашинасын тоқтатады, оны Қостанайдың 1980 жылғы тұрғыны жүргізіп келе жатқан. Қарау кезінде автомашинада аса ірі көлемде балық табылған. Кейін сараптамадан балықтардың жалпы салмағы 210 келі болғаны анықталды. Балықты тасымалдау туралы құжат болмаған. Бұл дерек сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестрінде тіркелді, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - делінген таралған хабарламада.

ІІД өкілдерінің айтуынша, көлік жүргізушісі жауапкершіліктен қашпақшы болған, таныстарына хабарласып, телефонын жол-патрульдік полициясының қызметкерлеріне беруге тырысқан. Алайда полицейлер телефонды алмаған. Осы кезде ер адам өз-өзіне соққы жасап, кейін "102" номеріне хабарласып, полицейлерді ұрды деп айыптаған. Бірақ ер адам бұл оқиғаның видео тіркеу құрылғысына жазылып қалғанын ескермеген. Осы дерек бойынша материалдар Атырау облыстық ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасына жолданды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети