04 тамыз 2021 15:08

Атыраудағы тұрғын үйде монтерлер лифт шахтасына құлады: қаза болғандар бар

Фото:instagram.com/atyrauoil.news Фото:instagram.com/atyrauoil.news

Атырауда монтерлер лифт шахтасына құлады, бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Атырауда монтерлер лифт шахтасына құлады, бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 4 тамызда Residence Ardage тұрғын үй кешенінде болған. Жөндеу жұмыстары кезінде лифтпен айналысатын 39 жастағы монтер қайтыс болған. Екінші жұмысшы ауыр жарақаттар алып, облыстық ауруханаға жеткізілді.  

"1987 жылы туған науқас облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр. Операцияға дайындалып жатыр. Отадан кейін жансақтау бөліміндегі дәрігерлердің бақылауында болады", - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері. 

Атырау облысының Полиция департаменті өкілдері оқиға бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети