26 қыркүйек 2014 10:04

Ауғанстан тұрғыны жанжал кезінде әйелінің мұрнын кесіп тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: daypic.ru Фото: daypic.ru

Ауғанстан орталығында ер кісі асүй пышағымен өз әйелінің мұрнын кесіп тастады, - деп хабарлайды BBC Russian.


Ауғанстан орталығында ер кісі асүй пышағымен өз әйелінің мұрнын кесіп тастады, - деп хабарлайды BBC Russian.

Қазіргі таңда 20 жастағы әйел ауруханаға жатқызылған. Полицейлердің айтуынша, бұған дейін де ол әйел өз күйеуінің тарапынан зорлық көрген екен. Куәгерлер ер кісі өз әйелінің қолының тырнағын жұлып алды деп сендіріп отыр. Полицияның мәліметінше, ер кісі жанжал кезінде әйеліне бас салған. 

Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хабарлауынша, 2014 жылы Ауғанстанда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық дерегі өткен жылмен салыстырғанда, 25 пайызға өскен. Мұның ең басты себептерінің бірі бұл туралы әйелдердің өзі шағымданатын болған, ал БАҚ құралдары мұндай оқиғаларды жариялауға ынталы болып тұр. Дегенмен сарапшылардың мәліметінше, үйде болатын зорлық-зомбылықтардың көбі жазасыз қалады, өйткені әйелдер бұл туралы шағымдануға әлі де қорқады екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети