21 желтоқсан 2021 09:17

Ауылдағы үйлену тойы қайғылы оқиғамен аяқталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Полиция қызметкерлері қайғылы оқиға Алматы облысы Шарын ауылындағы үйлену тойында болғанын мәлімдеді. Қонақтар арасында жанжал шығып, бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Полиция қызметкерлері қайғылы оқиға Алматы облысы Шарын ауылындағы үйлену тойында болғанын мәлімдеді. Қонақтар арасында жанжал шығып, бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство үйлену тойы 12 желтоқсанда Шарын ауылындағы мейрамханада өткенін мәлімдеді. Бір сәтте әбден мас болған қонақтар арасында дау туып, арты төбелеске айналған. Қонақтардың бірі қарсыласының кеудесіне пышақ жарақатын салған. Ол жарақат салдарынан қайтыс болды.

"Ұйғыр АПБ кезекші бөліміне түн ортасында аудандық орталық ауруханадан шақырту түскен. Дәрігерлер 26 жастағы ауыл тұрғыны жүрегіндегі пышақ жарақатынан қайтыс болғанын айтты. Полиция қызметкерлері кісі өліміне қатысты күдіктіні ұстады", - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Күдікті тәртіп сақшыларына үйлену тойында ішімдік ішкенін айтты. Таныстарының жанжалдасып жатқанын көріп, өзімен бірге алып жүретін жиналмалы пышағын алып, оқиға орнына барған. Қонақтардың бірі оны тоқтатуға тырысқан сәтте кеуде тұсынан пышақ жарақатын салған.

"Дәлелдер табылып, заттай дәлел ретінде қылмыстық іс материалдарына қосылды. Ұсталған азамат УҰИ-ға қамалды. Бұл дерек ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді: "Адам өлтіру. Бұл жағдайда пышақ алып жүру кісі өлтіруге ықпал ететін себеп пен жағдайдың бірі болды. Азамат тез ашуланшақ әрі алкогольдің әсерінен жанжал кезінде оны ойланбай қолданды", - деп түсіндірді департамент өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.66   490.7   4.89 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети