Сайрам ауданында ауызашар кезінде газ балоны жарылысы салдарынан күйіп қалған бес жасар бала мен 1958 жылы туған ер адам ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды "Отырар".
Сайрам ауданында ауызашар кезінде газ балоны жарылысы салдарынан күйіп қалған бес жасар бала мен 1958 жылы туған ер адам ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды "Отырар".
"Екеуі де ауыр халде болған. Денелерінің 98 пайызын күйік шалған", - дейді дәрігерлер. Қалған алты адам бүгін облыстық күйікті емдеу орталығына ауыстырылды.
Еске сала кетейік, 9 мамырда Сайрам ауданында ауызашар кезінде газ балоны жарылған. Мамандардың алдын ала болжамы бойынша дәмханадағы 50 литрлік газ балоны жарылған. Қазір оқиғаның себеп салдарын мамандар анықтап жатыр.